Педагог-ұйымдастырушы

4S01130202
34595 қаралым

Сипаттама

Ұйымдастырушы педагог - жеке тұлғаның талантын, ақыл-ой мен дене қабілеттерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін білікті педагог. Клубтар, үйірмелер, секциялар, әуесқой бірлестіктердің жұмысын, балалар мен ересектердің сан алуан бірлескен қызметін, балалармен және жасөспірімдермен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастырады. 

Мамандық оңай емес, алайда қызықты. Қызмет түрлерінің үнемі өзгеріп отыруы ұйымдастырушы педагогтың барлық талантын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Олардың міндеттеріне мыналар жатады:

- балалардың қатысуымен спорттық іс-шаралар, концерттер және экскурсиялар сияқты шараларды жоспарлау және өткізу;

- іс-шаралар және оларға дайындық кезінде балаларға қарау.

- үйірме сабақтарын немесе секцияларын жүргізу.

Жұмысының бірінші жылы ұйымдастырушы педагогтың орташа жалақысы 100 мың теңге аралығын құрайды.

Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 4-5 жыл.

Осы саланың маманы командада жұмыс істей білуі керек, өзін-өзі ұйымдастыру және өздіген білім алу қабілетіне ие болуы тиіс, шығармашыл, белсенді болуы керек және балаларды жақсы көруі міндетті.

Жас маман әлеуметтік, жас ерекшелігі, психофизикалық және өзіндік қасиеттерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қабілетінде тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Ұйымдастырушы педагогтың бойында мәдениет пен коммуникативті қабілеттің жоғары деңгейі болуы қажет. Оның міндеті - әр баланың бабын таба отырып, оны мектепке бейімдеу, оқыту процесі мен оның қажеттілігі туралы түсініктің негіздерін беру.

Мектеп мұғаліміне қарағанда, бұл жұмыс барынша қағаз түріндегі есеп-қисаптың аз көлемін болжайды. 

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін әңгімелесу, оның ішінде педагогикалық жағдайы шешу

~
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны
~
Сенің оқуға түсу мүмкіндігің
Белгісіз

Бейіндік пәндер

Қайда жұмыс істеуге болады

Балабақшалар, мектептер, колледждер, балалар, жасөспірімдер мен ересектерге арналған қосымша білім беру орталықтары

Бізді қалай таба аласыз

87103668464
BMPK@list.ru
г. Балхаш ул. Казбековой-12
https://bmk.mycollege.kz/