Құрылысшы - әртүрлі мақсаттағы ғимараттарды салуға және абаттандыруға байланысты мамандықтардың жалпы тізімінің жалпы атауы.
Техник - құрылысшы түрлі меншік нысанындағы құрылыс ұйымдарында, күрделі құрылыс, өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану және жөндеу қызметтерінде шебер, жұмыс жүргізуші лауазымдарында, сондай-ақ жобалау ұйымдарында осы бейіндегі орта арнайы білімі бар мамандармен алмастыруға жататын лауазымдарда жобалау-сметалық құжаттама дайындау үшін өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асырады.
Маманда мынадай жұмыс мамандығының бірін меңгеруі керек:
Кәсіби маңызды қасиеттер: көзбен шамалау дәлдігі, жауапкершілік сезімі, ұйымдастырушылық қабілеті, коммуникабельділік, ұқыптылық.
Танымалдылық рейтингінде құрылысшы мамандығы сенімді түрде алдыңғы қатарда. Оқу барысында болашақ мамандар тас, сылақ және қаптау-тақталау жұмыстарын жүргізу кезінде орындалатын құрылыс технологияларын; әртүрлі конструкцияларды ұйымдастыру принциптері мен әдістерін; сыртқы және тысқы әрлеуді; қолданылатын айлабұйымдардың, тетіктердің, құралдардың негізгі түрлерін; құрылыс өндірісін ұйымдастыру мәселелерін; бөлімдер мен бригадалардағы жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыруды; құрылыстағы қауіпсіздік техникасы ережелерін меңгереді.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек